Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ?

c 07:59, 13/04/2022 c 213

0:00 / 0:00

Қазақстанда ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі ЖІӨ 0,13 пайызын құрайды. Бұл жайында үкімет үйінде өткен отырыста білім және ғылым минситрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ғалымдар еңбегін зерттеп, жариялауға көп уақыт кетеді, ал ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 1-2 жылға ғана бөлініп, үлгермей жатамыз деп шағымдануда. Бұл орайда білім министрі ғылымға қаржы бөлу уақыты 5 жылға созылғанын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, ғалымдардың тұрақты жалақы алуы мәселесі де шешілді дейді ол.

Өкінішке орай өнеркәсіптің, өндірістің дамуына қажетті инновациялық жобалар көп емес. Себебі, жаңашылдық енгізуді армандайтын ғалымдардың қолы байлаулы. Ғылымды қаржылай қолдау әлі де болса төмен. Жылда стартап жобалар ұсынылып, таң қалдырып жатқанымен, олардың өміршеңдігі тағы сол қаржыға келіп тіреліп, аяқсыз қалып жатады. Енді Қазақстанда ғылымға бетбұрыс басталды дейді білім министрі. Ғалымдардың орташа жалақысы бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгермек. Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді үкімет бұл саланы дамытуды қолға алып жатыр. Аймағамбетов кенже қалып жататын ғылым саласы дамиды деп отыр.

Экономикасы дамыған елдерде ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға ЖІӨ-ң 3 пайызы жұмсалса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,13 пайызды құрайды. Қазақстандық ғалымдар еңбегін зерттеп, жариялауға көп уақыт кетеді, ал ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 1-2 жылға ғана бөлініп, үлгермей жатамыз деп шағымдануда.

Сондай-ақ, министр докторанттардың стипендиясын да өсіргенін айтады. Соңғы 2 жылда министрлік 130 жобаны жүзеге асырды, оның 120-сы сату кезеңіне жетті. Ғалымдарымыздың ғылыми жобаларының экспорты 346 млн теңгеден асты-деп отыр. Дегенмен, ғылыми жобаларды өндіріске енгізу аясы өте төмен. Көп жағдайда ғылымға бөлінетін қаражатқа талас басталып, ұсынылған ғылыми еңбектер тек қағаз жүзінде қалып жатады. Енді үкімет ғылымға қаржыны тек қазынадан бөліп ғана қоймай, инвестиция тарту жолдарын да ұсынады. Ол үшін отандық ғалымдарға көз-майын тауысып, үздіксіз еңбек етіп, жобаларының уақыт талабына сай, қажетті екенін дәлелдей түсуге тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.