0:00 / 0:00
Қазақстанда ғылымның дамуына не кедергі? Үкіметте ғылымды дамыту жобасы талқыланды. Алдағы маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын енгізілетін болды.
Қазақстанда ғылымның дамуы кенже қалды. Осы күнге дейін ғалымдарға материалдық жағдай да жасалмай келді. Өткен жылы Президенттің тапсырмасына соң ғана отандық ғылымды қолдау қолға алынды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазір қазақстандық ғалымдардың айлығы артып, ең көбі 1 млн теңгеден астам жалақы алады деп отыр. Дегенмен, қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жобаларын жүзеге асыру жолында ақсап тұр. Министрдің айтуынша отандық ғылымда өндірістік-кәсіпкерлік мәдениет қалыптаспаған. Іргелі зерттеулермен айналысқан ғалымдарымыз өз жобасын кәсіпке айналдыру жолдарын білмейді дейді ол. Саясат Нұрбек қазақстандық ғылымды бизнеспен ұштастыруды ұсынды. Бұл халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Ал арнайы құрылған Ғылым қорын осы бизнесті жеделдету бағдарламасының операторы етіп тағайындау ұсынылды. Ғалымдардың жобалары коммерцияландырылып, халықтың әл-ауқатын көтеріп, өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын көбейтуге, бизнестің өрлеуіне үлес қосатын шығар. Бірақ оны жүзеге асыру үшін қазынадан қомақты қаржы бөлу керек.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын жоғары оқу орындары жоқтың қасы. Пайда ойлаған университет басшылары үшін магистратураға оқыту тиімсіз. Себебі магистратураға бөлінетін мемлекеттік грант 380 мың теңге болса, бакалавриат 1 млн. теңгеге жуқытайды дейді Саясат Нұрбек.
Не керек, ғылымды дамыту жобасын талқылай келе үкімет алдағы маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын енгізетін болды.