Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Гүлді қала

c 14:51, 11/03/2020 c 639

0:00 / 0:00

Орал қаласы аумағында 56 алаң мен тынымбақ бар, олардың 43-і абаттандырылған. Ағымдағы жылы тынымбақтарды абаттандыру бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ. Қала әкімінің орынбарасы Мирас Мүлкәйдің мәліметінше, 5 гектар аумақты құрайтын жасыл желекті жол абаттандырылады. Бұл  қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Циолковский көшесінен С.Датов көшесіне дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы және Әбілқайыр хан даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі С.Датов көшесіне созылатын алаң. Екінші жоба – Зачаганск кентіндегі облыстық балалар ауылындағы тынымбақ.Аталған жобалар бойынша аумақты көгалдандыру, жарықтандыру, сонымен қатар кіші сәулет формаларын орнату жұмыстары қаралған. Қазір мердігерді анықтау мақсатымен мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұл жобаларға құны 500млн. теңгеден астам, қаржы бағытталып отыр. Шаһар көшелеріне биылдан бастап көпжылдық гүлдер отырғызылмақ.  Алдымен гүл отырғызылатын аумақтар белгіленіп қойған.Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай – Жеңіс алаңында, Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығы аясында – Абай алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.