Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Этно-туристік орталық ашылды

c 17:49, 15/10/2018 c 1133

0:00 / 0:00

Ат жалын тартып мінбейтін қазақ болмайды. Жылқы баптау қазақтың байырғы ата кәсібі. Ер бала жасы 5-6 келісімен ат жалын тартып мініп, ашамайға отырғызу дәстүрін атап өтетін елміз.Одан қалса ит жүгіртіп, қыран ұшыру да біздің қазекең үшін төл кәсіп. Бірақ урбанизация процесі өз дегенің жасап тұр.Адамдар алтын бесік ауылды тастап қалаға ағылып жатыр. Бірақ дархан көңіл қазақ баласы бәрібір жылқы ерттеп мінгісі келіп, тыпыршып тұратыны жасырын емес. Енді қаладағы адамдар үшін де осыған мүмкіндік бар. Сенбі - жексенбі атқа шауып, қыран ұшырамын десеңіз "Саят" этно орталығына қарай асығыңыз.

Бұл жерде 16 жылқы арнайы бапталып отыр. Келемін, ерттеп мінемін дегендер үшін арнайы киім ауыстыратын орын, асхана бәрі бар. Тіпті алыс ауылдармен өзге облыстардан келетін ағайын 8шін түнейтін орынжай да қарастырылған. Елбасы кешегі жолдауында ішкі туризмді дамытуды , соған назар аударуды жіті тапсырды. Міне соның бір дәлелі іспеттес осы орталық жұмыс жасайтын болады.

Бұл орталық жәй орталық емес. Адам денесі шынығып, санасы демалып қайтатын мекен бұл. Жылқы малының адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екендігі бесенеден белгілі. Бұл жерде иппотерапиядан өту үшін денсаулығында кінәрәт бар балаларды жұмасына бір рет тегін қабылдау қарасытырылған. Алдағы уақытта адамдардың бұқаралық спортты серік етіп, желпініп жылқы мініп, денелерін шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстанулары үшін осы маңнан этно ауыл ашуда жоспарда бар көрінеді. Жоспарда бар дүние кәдеге ассын деп тілек айттық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.