Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ет импорты мен экспорты

c 16:06, 07/10/2021 c 1597

0:00 / 0:00

Орал қаласының базарларында аудандардан, Ресей мен Белорусиядан келген ет сатылуда. Сала мамандары сөредегі еттің сапасын жіті бақылап, қабылдаймыз,-дейді. Қазіргі таңда 12 базарды 6 инспектор тексереді.

Облыс орталығында ет саудалайтын ірі он екі базар бар. Олардың аумағында аумақтық инспекцияның мамандары таңертең өнімнің құжаттарын тексеріп, жеке зертхана зерттеуін жүргізеді. Кейін тексерістен өткен ет сөреде сатылады. Сала мамандары күшейтілген тәртіп үнемі сақталып, ауру малдың еті қабылданбайтынын жеткізді. Бұл талап аудан мен шетелден келетін өнімдерге де бірдей қойылады. Қазіргі таңда кедендік одақ құрамына енетін Ресейден жылқы, Белорусиядан сиыр етін сатып алып отыр. Бүгінде жылқының 41 тонна, зеңгі бабаның 465 тонна еті жеткізіліпті.

Сатушылар өнімнің сапалы екенін айтады.

Қазіргі таңда сөрелерде сиыр етінің бағасы 1800 теңгеден басталады. Сатушылар жем-шөп қымбаттап шыға келгесін, бағаны 200 теңгеге өсірдік. Қыс түсе баға тағы да шарықтайды,- дейді. Енді экспорт жайында айтсақ, жергілікті Кублей зауыты дайын өнімдерді шетелге сатады. Оралдың өнімдерін көбіне Ресей сатып алады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.