Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕСКІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОЗБЫРЛЫҒЫ»

c 17:29, 29/02 c 118

0:00 / 0:00

Депутаттың атына «Ескі Қазақстанның» өкілдерінен зардап шеккендерден келіп жатқан шағымдар мен хаттар көп. Тартылып алынған активтерін қайтарып алуға жәрдем жасау жөнінде бірнеше кәсіпкерден өтініштер келіп түскен. Соның бірі рейдерлік жолмен тартып алынған «Азия» сауда-өндірістік компаниясына байланысты. 2003 жылғы активі 160 млн долларға бағаланған, құрамында Қазақстан бойынша 68 жанар-жағар май стансасы, 6 мұнай базасы бар компанияны «Ескі Қазақстанның» өкілдері өз атына жаздырып алған. Ермұрат Бәпидің айтуынша, бұрынғы биліктің өкілдері жасаған қысымның салдарынан заңды бизнесінен айырылған азаматтар қаншама. Прокуратураға да өтініштерін жолдаған.

Алайда, қолындағы бизнесінен айрылып, заңсыздықтың құрбаны болған кәсіпкерлердің шағымы бойынша істі қайтадан қарау мерзімі өтіп кеткен деген желеумен бұл өтініштерді жылы жауып қоюға әрекет жасалып жатыр дейді мәжілісмен.

Депутат Бас прокурор Берік Асыловтан рэкеттік қылмысты толық тексеруге прокурорлық пәрмен беруді талап етті. Себебі, өтініш берушілер қаншама рет тиісті органдарға шағымданса да, әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.