Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕСКІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛГЕ ҚАЙТА БАСТАҒАН СЫҢАЙЛЫ»

c 17:36, 08/12/2023 c 54

0:00 / 0:00

Елден шетел асқан заңсыз капиталды қайтару үшін құрылған арнайы комитет неге үнсіз? Мәжілісмен Ермұрат Бапидің айтуынша, активтерді қайтару жөніндегі комитеттің құрылғанына екі ай болды. Бірақ құзырлы органның жұмысын көрмей отырмыз. Парламент бұл комиеттің құрамы жайында да хабарсыз. Алғашында аталмыш органда 130 адам істейді деген мәлімет болғанды. Депутат комитеттің шетелдік юридикциялармен, халықаралық іздестіру бюроларымен жұмыс істейтін бөлімінде қанша қызметкен істейтінін білгіміз келеді дейді. Екі айдан бері сыртқа заңсыз кеткен актвитерді қаншасы қайтарылғаны жайында мәлімет те жоқ. Бәпидің айтуынша, «Қазақстан халқына» қорына бұған дейін түскен 850 миллиард теңгегеден басқа дерек жоқ. Комитет халық алдында ашық болып, журналистермен баспасөз маслихатын да өткізбеді. Активтерді қайтару комитеті жым-жырт жатқанда ескі Қазақстанның» клептократтары ел экономикасын қайтадан басып алуға қам жасап жатыр дейді депутат.

Мәжілісменнің қолында ескі Қазақстанның өкілдеріне көмектесіп жатқан қазіргі қзыметте жүргендердің тізімі де бар екен. Ермұрат Бапи солардың бірі «ҚазМұнайГаз» компаниясы төрағасының орынбасары Серікқали Брекешевтің есімін атады. Сондай-ақ, экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевты және күйеу баласы Тимур Құлыбаевтарды да атады.

Халыққалаулысы ұрланған активтердің елге қайтарылуын бақылап отырған қоғам бар екенін ұмытпаңыздар деп ескертті. Ал Бас прокуратураның ағымдағы жылдың мамырдағы мәліметіне сүйенсек, мемлекетке 760 миллиард теңгеден аса сома активтері қайтарылған, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар оралған. Ал отыз жылда елден жылыстап, оффшорда жатқан қаражаттың көлемі жайында мәлімет әртүрлі. Депутаттар 200 млрд доллар шетелде заңсыз жатыр десе, тәуелсіз сарапшылар бұл сома бұдан көп деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.