Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІГЕ ЕЛІРГЕНДЕРДІ ТЫЮ ҚИЫНДАП БАРАДЫ

c 14:39, 01/03 c 76

0:00 / 0:00

Есірткінің таралуы тыйылар емес. Әсіресе көпшілік үшін қолжетімді бағамен сатылатын синтетикалық есірткінің саудасын тыю қиындап барады. Депутат Шиповскихтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдер синтетикалық есірткінің кең таралу қаупіне ұшырайтын ең осал орта болып отыр. Қаскөйлер есірткіні интернет-мессенджерлер арқылы арзан бағамен сатады, жастарды улап жатыр. Өкінішке оарй, мектеп жасындағы балалар да тез ақша табу жолында осы қылмысқа ілініп қалуда. Сенатор ұсынған статистика көңіл қоншытпайды.

Депутат жастарға төніп отырған есірткі қаупіне белсенді қарсы тұру – мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі дейді. Елдегі есірткі саудасының өршуіне байланысты Президентке тікелей бағынатын есірткімен күрес мекемесін құруды ұсынды.

Ал мектеп, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқандарға есірткіні таратудың салдары туралы түсіндіру шараларын жандандыру қажет. Сондай-ақ, сенатор үкіметке жастар, әсіресе студенттер арасындағы синтетикалық есірткіні тасымалдаушылардың санының өсуіне байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.