Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ ӨРШІП ТҰР

c 20:25, 15/08/2022 c 1081

0:00 / 0:00

Қазақстанда есірткі бизнесі өршіп тұр. Биылғы 7 айда 1,5 мыңға жуық есірткі қылмысы, оның ішінде 874 өткізу фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері барлығы 4 жарым мың тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Соның ішінде синтетикалық есірткі қылмысы бойынша 890 іс тіркеліп отыр.

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру барысында 4,5 мың тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның марихуана, гашиш және синтетикалық есірткі бар. Ішкі істер министрлігінің дерегінше бұл тек осы жылдың 7 айындағы көресткіш. 1,5 мыңға жуық есірткі қылмысы тіркелсе, соның 900-ге жуығы есірткіні өткізу фактісі болып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау мен Павлодар облыстарында каннабис тобының және синтетика есірткілерін жеткізумен, өткізумен айналысып келген 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді деп отыр министрлік өкілі.

Сондай-ақ есірткіні әлеуметтік желі арқылы тарату қылмыс өршіп тұр. Биыл есірткіні интернет арқылы сатудың 153 фактісі тіркелді.

Ораловтың айтуынша, еліміздің оңтүстігіндегі шалғай аудандарда сабағы 4 метрге жететін үнді марихуанасы өсіріледі. Оған тамшылап суару технологиясын пайдаланып отырған көрінеді. Күдікке ілініп қалмас үшін, жұмысшылар есірткі алқабында мамыр айынан қазанға дейін жұмыс істейтіні мәлім болды. Есірткіден пайда тауып, заңсыз бизнесін өрбітіп отырғандардың бұл әрекеті де әшкерленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.