Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлікке тағызым

c 16:53, 04/05/2020 c 715

0:00 / 0:00

Санаулы күннен соң Ұлы жеңістің 75 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осы орайда арна тілшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Меңжан Ғабдолұлының үйіне барып батырмен тілдесіп, жағдайын біліп қайтты. 94 жасқа аяқ басқан ардагер бүгінгі ұрпаққа бейбіт күннің қадірін біліңдер деген кеңесін айтады.

Менжан Абдрахманов 1926 жылы 26 қарашада Сырым ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 49- шы қосалқы артиллериялық полкта, 13-ші оқыту автополкінде, 52-ші гвардиялық минометті полкінде еңбек етті.Менжан Абрахманов қайсарлығы үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен және «Жапония соғысындағы Жеңісі үшін», «Германия соғысындағы Жеңісі үшін», сондай-ақ, «КССР ІІД мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған. Бүгінде Орал қаласында 48 соғыс ардагері, 3 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Оларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдаулар жасалып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.