Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлік ұмытылмайды

c 14:18, 10/05/2018 c 1592

0:00 / 0:00

Соғыс шебінде жан алысып, жан беріскен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. БҚО әкімі Алтай Көлгінов ардегерлерге Елбасымыздың құттықтауын жеткізіп, Ұлы Жеңістің қадірін атап өтті. Шара барысында Астананың 20 жылдығына орай елорда төрінде Мәншүктің ескерткіші бой көтеретіні де мәлім болды.
Бүгінде облыста 108 майдангер қалса, соның 81-і Оралда тұрады. Биыл майдангерлер бір жолғы жәрдемақыны өткен жылғыдан екі есе дерлік көп алды. Бұл қаржылай қолдау көлемі жыл сайын өсе түсетін болады. Егемендіктің қадірін сөзсіз түсінетін майдангерлердің қазіргі жалғыз тілегі мәңгі бейбітшілік қана.
Танымды-тағылымды шарада сұрапыл соғысты көзімен көрген жандар сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Кездесу соңында мерекелік концерт қойылып, ардегерлерге сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.