Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлік ұмытылмайды

c 17:09, 29/04/2020 c 703

0:00 / 0:00

1926 жылы Орынбор облысында дүниеге келген Дмитрий Волченко Отан алдындағы борышын өтеуге 18 жасында Башқұрстан қаласынан аттанады. 5 ай көлемінде әскер қатарында ұрыс қимылдарына әзірленеді. Жауға оның қолынан алғашқы оқ Минск қаласында атылады. Кейіпкеріміз 51-ші армияның 76-ші атқыштар полкінің құрамында Кенигсбергтің солтүстігінен Рига шығанағы аралындағы аумақта, кейін Шығыс Пруссиядан Магдебургке дейін, одан Германия шебіне дейінгі аралықта Отанын жаудан қорғау үшін қызмет етеді.Майдангер соғыста екі мәрте жарақаттанады. Жанарына мина ұшқыны тиіп, бір көзіне зиян келеді. Кейін оң жақ иығынан жараланады. Ал, Жеңіс туралы ақжолтай хабарды Германиядан естиді. 1947 жылға дейін Магдебург қаласындағы госпитальдердің бірінде қызмет атқарады. 1950 жылы ғана елге оралып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнетке шығады. Батырдың кеудесі орден-медальға толы. Бүгін олардың қатары Ресей Федерациясының Президентінің жарлығымен бекітілген Жеңістің 75 жылдық медальімен толықты. Оны Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлімшесінің бастығы Қуат Ахметқалиев табыстады. Қазір Дмитрий Волченко ұрпағының қызығын көріп отыр. Биыл ардагерлерге мемлекет тарапынан 1 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Сала мамандарының айтуынша, аталған сома ардагерлер есепшотына аударылған. Қазір облыста 62 ҰОС ардагерінің көзі тірі. Олардың 48-і Орал қаласында тұрғыны.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.