Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚСЫЗ

c 01:04, 30/11/2023 c 51

0:00 / 0:00

Бүгінде елімізде 104 мыңнан аса балаға қызылшаға қарсы екпе салынбаған дейді министр. Қазір дәрігерлер бұл вирусқа қарсы вакцина салуға насихаттау жұмысын күшейтіп жатыр. Бұған дейін еліміздің бас дәрігері қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан болатын. Ауыр халде жатқан балалардың арасында ми қабыну симптомдары тіркелуде дейді ол.

Қазақстанда қызылшаға қарсы үндістандық вакцина қолданылады. Министр 10 жылдан бері осы екпені қолданып келеміз, қарсы көрсеткіштер тіркелген жоқ деп отыр. Бұл препаратты әлемнің 70 елі қолданады екен. Ғинияттың айтуынша, екпе алуы тиіс тұрғындардың 10 пайызы жоспарлы екпе алуға келмеген. Көбісі әртүрлі сарапшылардың сөзіне ерсе, енді бірі діни көзқарасына қатысты бас тартып жатады. Министр елді сендіру үшін 5 жасар немересіне қызылшаға қарсы екпе жасатқанын айтады.

АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДСМ "Жалпы алғанда халық екпеге сенеді. 10 пайызы жоспарлы екпеге келмеген. Антиваксерлердің пікірін тыңдайтындар да бар. Енді бірі діни көзқарасына қатысты вакцина салдырмайды. Мен 5 жасар немеремді алып келіп, вакцина салдырдым»

Елді алаңдатып отырған қызылша әлемнің 167 мемлекетінде тіркелген. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, қызылшаны жұқтырғандар санының күрт өсуі биылдың қыркүйегінен бастап ұйымдасқан ұжымдарда, яғни оқу жылының басталуымен байланысты болды. Қазір республиканың барлық аймағында қызылша вирусы тіркелген. 17 мыңнан астам жағдайы тіркелсе, оның 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның ішінде – 83%-ы екпе алмаған балалар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.