Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбекқор ана

c 17:28, 03/03/2020 c 716

0:00 / 0:00

Қазіргі заманда нәзік жандылардың меңгермеген кәсібі, атқармаған жұмысы қалмады. Арна тілшілері көктемнің шуақты мерекесі халықаралық әйелдер күні қарсаңында саналы ғұмырын еңбекке арнап, отбасының ұйытқысы болып, өскелең ұрпаққа үлгі бола білген аналармен жүздесті. Бүгінгі кейіпкеріміз- Круглозерныйлық Марина Кладчикова. Ол жастайынан көкөніс егумен айналысып, кейін жанұясымен бірге өз кәсібін ашқан.

Марина Кладчикованың жұмыс күні жылыжайдағы барлық өнімін тексеруден басталады. Кейіпкеріміз жанұясымен бірге осыдан 18 жыл бұрын кәсібін ашқан. Жастайынан еңбекке араласқан Марина Юрьевна Кеңес үкіметі тарағаннан кейін, алғашында бау-бақша салып, күнелткенін айтады. Кейін, жолдасымен жер алып, картоп пен пияз өсіруді қолға алады. Мінекей, тынымсыз еңбектің арқасында Кладчиковтар әулеті жылыжай өсіру ісінде көш бастап тұр. Бүгінде кәсіпкер 13 гектардай жерге ие болып, азаматтарға қажетті көкөністерді өсірумен айналысады. Сонымен қатар, Марина Юрьевна екі перзент тәрбиелеп, немере сүйіп отырған әже.

Бүгінде кәсіпкердің 7 жылыжайы бар. Марина Юрьевна мен оның жұмысшылары егу маусымына дайындықты бастап кеткен.

Жомарт жердің төсіне бау-бақшасын егіп, бел жазбай еңбектеніп келе жатқан кейіпкеріміз тек өнім өсіріп қана қоймай, қайырылымдықпен айналысып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесіп келеді. Өмірін көкөніс өсіруге арнаған кәсіпкер ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласады,- дейді жергілікті атқамінерлер.

Саналы ғұмырын еңбекке арнап, жоқ-жітікке көмектесу парызым деп білген Марина Юрьевна келешекте кәсібін дөңгелентіп, оралдықтарды жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету жолындағы қызметін жалғастырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.