Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электронды жүйе медицина саласында

c 13:20, 30/10/2018 c 612

0:00 / 0:00

Биылғы жылы медицина саласын цифрландыру үшін еліміздің төрт облысында арнайы пилоттық жоба қолға алынды. Пилоттық жобаның аясында науқастардың амбулаторлық картасы электронды жүйеге көшті. Қазіргі таңда, емханалардағы кезекті жою мақсатында дәрігерге жазылу қосымшасы жұмыс жасауда. 

Өңірімізде алғаш рет мүгедектік жәрдемақысын тағайындау ісінде жаңа пилоттық жоба қолға алынды. Пилоттық жоба №3-ші емхананың қабырғасында тексерістен өтіп жатыр. Яғни, дәрігерлер науқасқа тиісті ем-дом шараларын жүргізіп, медициналық сараптамадан өткізгеннен соң, құжаттардың баршасын электронды түрде мүгедектік тағайындайтын мекемеге жолдайды. Бұл жобаға алғаш рет мүгедектік тағайындауға өтініш білдірген азаматтар ғана қатыса алады.

Сондай-ақ, облыс көлемінде емханадағы кезектен арылу мақсатында "К врачу" мобильді қосымшасы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, бұл бағдарламаны 21 адам қолданады. Сала мамандары электронды жобаның тиімді тұсы көп дегенді айтады.

Биылғы жылы өңірімізге 54 дәрігер келіп, жұмысқа қабылданған. Олардың алпыс пайызы ауылдық жерде жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, ауылдық жерде еңбектеніп жатқан 17 ақ халатты жан баспанаға қол жеткізіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.