Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ел ертеңі- білімді жас

c 16:13, 11/06/2018 c 873

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда, орта арнаулы оқу орынын тәмамдаған студенттердің 90 пайызы жұмысқа тұрады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Қолына диплом алған жастардың барлығы дерлік жұмыспен қамтылуының негізгі себебі оқу орнының қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуымен қоса білім беру процесінің өзгеріске ұшырауы.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында кәсіби және техникалық білім беретін 38 білім беру нысаны қызмет жасауда. Ол оқу орындарында 19 мың шәкірт тәрбиеленіп жатыр. Осы аталған кәсіби және техникалық білім беру нысандарының ішінде ең көнесі, тәжірбиелі оқу орындарының бірі Орал политехникалық колледж. Бұл оқу ордасы өз жұмысын 60 жыл бұрын бастапты. Оқу ордасында 5 мамандық он екі квалификация бойынша мамандар даярлайды. Әрбір студент мамандықтары бойынша білімді теория және тәжірбие жүзінде алады. Мәселен, дәнекерлеушілер арнайы құрылғының көмегімен 1-ші курста жаттыға алады. Кейін, білімін жетілдірген тұста, оқу ордасының қабырғасында жүріп, дәнекерлер ісін толықтай меңгере алады. Қазіргі таңда, автокөлікті жөндейтін механиктерді еліміздің аумағында қарқынды түрде іске асып жатқан 3д технология арқылы оқытады. Бұл құрылғының көмегімен темір тұлпардың бөліктерін анық көріп, білім алуға мүмкіндік көп. Ал, ұсталықты меңгеріп жатқан шәкірт ағаш пен заман талабына сай пластикалық бұйыммен жұмыс жасауға үйренуде.

Елбасының жолдауына сәйкес, кәсіби білім беру барлық дерлік әлемдік стандарттармен терезесі тең тұруы тиіс. Кәсіби және техникалық мамандықтарда білім алып шыққан студенттердің 90 пайызы жұмысқа орналасады.

Орал қаласында өз жұмысын қырық жыл бұрын бастаған сервис және жаңа технологиялар университеті қазіргі таңда сұраныс артып келе жатқан аспаз-кондитер мамандарын даярлайды. Ұстаздар шәкірттерді оқыту барысында, бүгінгі таңдағы тенденцияны назардан тыс жібермеуге тырысып бағамыз,- дейді.

Бұл оқу ордасы мектепті тоғызыншы сыныптан аяқтап келген оқушыны 3 жылдай даярлайды. Қазіргі таңда, аспаздарға деген сұраныстың көптігін анық аңғаруға болады.

Оқу екпінділері мен оқу озаттары үлгілі білім алғандықтары үшін 17 мың теңге мен 20 мың теңгедей шәкіртақының иегері болады. Кәсіби және техникалық білім алған шәкірт өзінің мамандығынан бөлек, өзге мамандықты меңгеріп, қосымша сертификатқа ие болады. Мамандардың келтірген дерегіне сәйкес, кәсіби және техникалық мамандықтарды меңгеріп, түлеп ұшқан студенттердің 90 пайызға жуығы жұмысқа тұрады. Бұл көрсеткіш арқылы жұмысшы мамандықта білім алған жан дипломын сандыққа салып, екі қолға бір күрек таба алмай жүрмей, мамандығы бойынша еңбек етуін байқауға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.