0:00 / 0:00
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегін ота жасалды. Бұл жайында Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос әлеуметтік желіде хабарлады. Мәлім болғандай экс-президентке операцияны Астанадағы Ұлттық ғылыми крадиохиругия орталығында белгілі кардиохирург Юрий Пя жасады. Дәрігер БАҚ өкілдеріне отаның қалай өткенін айтып берді.
Жұманың таңында әлеуметтік желілерде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті, оған ота жасалуы мүмкін деген ақпарат шықты. Енді бірі бұл жоспарлы операция екен деп те жазып жатты. Түске қарай назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында "Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды.Мәлім болғандай экс-президентке операция Астанадағы Ұлттық ғылыми крадиохиругия орталығында белгілі кардиолог Юрий Пяның жетекшілігмен жасалды.
ЮРИЙ ПЯ – КАРДИОХИРУРГ "Тағы да қайталап айтамын, Бұл операция емес. Бұл емдік-диагностикалық процедура. Былтыр жоспарланған болатын. Оның бос болмауына байланысты оған ыңғайлы болған кезде өткізуді шештік. Бүгін осы емдік шараны жасауды ұйғардық. Ол сәтті өтті. Бізде мақтануға тұрарлықтай нәрсе бар. Ел медицинасына деген сенім азаматтарда ғана емес, ел басшылығында да бар. Бұл жерге Назарбаев күйзелістен түсті деп айта алмаймын. Осы күнге түсуі де сәйкестік. Алдын-ала жоспарланған шара".
Бұл ақпарат шығысымен, мәселенің мән-жайын білуге тырысқан БАҚ өкілдеріне крадиохирург Юрий Пя өзі шығып сұқбат бергенді жөн санапты. Не себепті экс-президенттің ауруханаға түскені көпшілікті қызықтырып отыр деген сауал қойылды. Дәрігердің пікірінше, Назарбаевқа саяси қызығушылық артып отыр.
ЮРИЙ ПЯ – КАРДИОХИРУРГ «Бұл соңғы кездегі сасяи жағдайға байланысты деп ойлаймын. Мұндайда адамның осал тұстарын көрсеткісі келеді ғой. Кей БАҚ құралдарында жалған ақпараттар да жиі шығып тұрады.»
Пяның айтуынша, ота шамамен 2,5 сағатқа созылған. Қазір Назарбаевтың жағдайы жақсы. Дәрігер Назарбаевқа ғарышқа ұшуға болады деп әзілдеді. Ол бүгін-ертең ауруханадан шығуы мүмкін. Айта кету керек, Назарбаевқа диагностикалық процедура тегін жасалған.