Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИВЕРСИЯ»

c 10:36, 07/10/2021 c 1560

0:00 / 0:00

Баяғы жартас, сол жартас дейді депутаттар. Егін науқаны кезінде елде жанар-жағар май тапшылығы орын алып, диқандар қымбатшылыққа тап болып жатады. Бұл көрініс биыл да дәстүрлі түрде жалғасын тауып отыр. Дизель отыны 8 пайызға қымбаттады. Өндіріс көлемінің өсуіне қарамастан, республикада дизель отыны жетіспеушілігі байқалады. Депутаттар құзырлы орган жанар-жағар май тапшылығын болдырма ужолдарын іздеме йотыр дейді. Өз кезегінде "Ақ жол" фракциясы дизель отыны тапшылығын шешу үшін мемлекеттік мұнай өндірушілерге ғана қарап қалмай, осы бағыттағы жекеменшік кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды.
Отын нарығындағы баға тұрақсыздығы саланы басқарудағы жүйелі дағдарыстың салдары, деп есептейді коммунистер.

АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Өңірлерде отын тапшылығы жазда сезілген. Алайда дер кезінде нақты шара қабылданбады. Оның салдарын халық пен бизнес сезініп жатыр. Ел ішінде әлеуметтік шиеленіс күшейіп барады. Мемлекеттік органдар қағаздардағы есептерге сілтеме жасайды, дағдарысты мойындамайды. Ал қазақстандықтарға әдемі сандар мен жалған есеп емес, қолжетімді жанар-жағармай қажет».

Нұротандық депутаттар да елдегі жанар-жағар май бағасының қымбаттауы ауылшаруашылық мамандары үшін қасақана жасалып отыр деп санайды. Депутаттар энергетика министрлігін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде қауқарсыз деп кінәлады. Ал министр Мырзағалиев болса жанар-жағар май бағасын реттей алмаймыз, оны нарық реттейді дейді.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Дизель отынының бағасын реттей алмаймыз, оны нарық реттейді. Министрлік баға саясатымен айналыспайды. Қазір мұнайдың әлемдік құны өсіп жатыр. Соңғы күндері мұнай бағасы 82 долларға дейін артты. Әрине бұл жанар-жағар май бағасына әсер етеді»

Жақында ғана Энергетика министрлігі ішкі тапшылықты жою үшін Ресейден шамамен 100 мың тонна дизель отынын импорттау қажет екенін мәлімдегенді. Осылайша мұнайдың үстінде отырып, экспорттаушы мемлекет бола тұра, мұнай өнімдерін импорттауға мәжбүрміз дейді мәжілісмендер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.