0:00 / 0:00
Заңсыз ағаш кесу, ағаштарды жою, зиян келтіру, ерекше қорғалатын аймақтарды ластау, орман алқабын бүлдіргендерге қатысты қылмыстық жазаны күшейтіледі. Сондай-ақ, ерекше қорғалатын аймақтарға зиян келтіргендері үшін лауазымды тұлғаларға, жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жазаны күшейтіледі. Ол үшін салынатын санкиця көлемі артады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев хабарлады. Министрлік өкілі баспасөз маслихаты барысында елдегі Ұлттық парктерді қорғау мәселесіне тоқталған еді.
Қазақстан Президентінің жолдауында көрініс тапқан мәселенің бірі- байтақ жеріміздің табиғи байлықтарын қорғау болды. Соның ішінде ұлттық табиғи парктерді қорғау мәселесін заңмен реттеу тапсырылған болатын.Осыған сәйкес, экология министрлігі Мемлекеттік табиғи ұлттық парктердегі ең үлкен мәселе қоқыс қалдықтарымен күресті күшейтуді қолға алған. Экологтар 2 мыңға жуық рейдтік шара өткізіп, 118 құқық бұзушылықты анықтады. Өкінішке орай сұлу табиғаттың аясында демалушылардан келген зиян көп. Адамдардың осы бір жауапсыз әрекетінен ұлттық парктер аумағынан жалпы салмағы 977 тонна қоқыс шығарылды. Қазақстандықтарға экологиялық тәрбие жетіспейді. Тек жауапкершілікті күшейтіп ғана, тәртіптке шақыра аламыз дейді мамандар. Енді заңсыз ағаш кесу, ағаштарды жою, зиян келтіру, ерекше қорғалатын аймақтарды ластау, орман алқабын бүлдіргендерге қатысты қылмыстық жазаны күшейтіледі. Сондай-ақ, ерекше қорғалатын аймақтарға зиян келтіргендері үшін лауазымды тұлғаларға, жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жаза күшейтіледі.
Еліміздің ерекше қорғалған жалпы аймақтардың көлемі – 26,2 миллион гектарды құрайды. 10 мемлекеттік қорық, 13 мемлекеттік табиғи парк, 6 – мемлекеттік табиғи резерват бар.Экология министрлігі дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, ұлттық парктерді қорғау, инфрақұрылымын қамтамасыз ету жолдарын енгізуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта 5 ұлттық парктің концепциясы әзірленіп, бекітілді. Онда парктерге кіру үшін ақылы төлемдер жасау мен визит орталық салу сол секілді туристік бағыттарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Брифинг барысында, Нұр-Сұлтандағы атышулы кіші Талдыкөлдің мәселесі де сөз болды. Өздеріңізге мәлім, экологтар мен қала тұрғындары осы көлді көміп тастап, үстіне тұрғын үй салуды көздеген әкімдіктің әрекетіне қарсы шыққан болатын. Ең қызығы биыл бұл шағын көлге тек аққулар ғана емес, қоқиқаздар да үйір болып алған еді.
Алайда, елордалық экобелсенділердің қарсылығына қарамастан Кіші Талдыкөлді көму жұмысы толық тоқтаған жоқ. Бұған дейін Экология министрі Серікқали Брекешев көлдің жартысынан астамы құрғатылады дегенді. Яғни министрдің сөзіне сенсек, Талдыкөлдің шағын бөлігі ғана сақталып қалмақ.