Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екібастұз қаласы қашан қалпына келеді?

c 09:49, 07/12/2022 c 1971

0:00 / 0:00

Қақаған аязда жылусыз қалған Екібастұз қаласының проблемасы қашан шешіледі? 10 күнге жуық мұз қалаға айналған Екібастұзға жылу беру толық шешілмеді. Бұл жайында Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннен сұраған еді.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұз жылу-электр орталығын мемлекет меншігіне беру мәселесі әлі талдау сатысында тұр. Мұнда шешім қабылдамай тұрып, оның жағдайын тексеру керек. Егер бұл мемлекетке үлкен ауыртпалық салса және іс жүзінде біз объектіні алып, иесіне сыйлық жасағандай боламыз. 1 теңгеге сатып алып, 1 млрдқа шығынға ұшырамаймыз ғой. Сосын оған барлық қаражатты саламыз. Сондықтан, ең алдымен, жағдайды бірлесіп түзету мәселесін қарастыру қажет», - деді . Бұған дейін олигарх Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО-сын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайындығы туралы айтқаны есімізде.

Екібастұз халқына қашан толығымен жылу беріледі? Екібастұздықтар қалыпты өмірге қашан оралады? Жылу беру электр орталығындағы апаттан зардап шеккендердің шығыны қалай өтелмек? Сұрақ көп. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Екібастұзда тағы 15 үй жылусыз қалды. Бүгін таңғы 4:30-да кварталішіндегі жылу беру жүйесінде құбыр жарылып, нәтижесінде 15 үйге жылу жүрмей қалды. Жергілікті әкімдік қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Ал үкімет басшылары Екібастұз қаласын жақын күндері қалыпты өмірге оралады деп сендіреді.

Серік Жұманғарин- ҚР Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі. “Екібастұз ЖЭО-дағы ақауды жою үшін желілер ажыратылған. Сол кезде үйлерде батареялардағы су ағызылмаған. Суықтан ол қатып қалған. Сол себепті жылу берген кезде үйдегі батареялар жарыла бастады. Қазір үйлерге жылу берілді, жылу желілерімен байланысты проблемалар шешілді. Енді қазір сол үйлердің ішінде проблема бар. Қалада жүрген мамандар батареяларды ауыстыру үшін бар күшін салып жатыр. Менің ойымша, бұл алдағы екі күннің мәселесі. Үйлерге жылу берілді, кеше сондай ақпарат тарады. Менің әріптесім, премьердің бірінші орынбасары Роман Скляр сол жерде жүр. Ол осы саланың маманы.

Менің ойымша, апта соңына дейін қалпына келеді. солай болады".
Еске сала кетсек, қараша айының соңында 150 тұрғыны бар Екібастұзда ЖЭО-дағы қазандықтар істен шығып, қала халқы жылусыз қалды. Қалада 689 көпқабатты үй бар. Жарылған қазандықтарды, құбырларды жөндеу жұмыстарына 850 аса алам жұмылдырылған. Ал үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы проблема шешілгенше сол қалады қалатынын мәлімдегенді. Склярдың бұл ерлігі нәтиже берсе жақсы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.