Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі жылы аялдама іске қосылды

c 16:11, 09/11/2021 c 928

Биыл Орал қаласында 4 жылы аялдамаға іске қосылды. Жаңа екі нысан Жигули мен Қазақтелеком аялдамасында орнатылды. Сала мамандары жылы аялдамалар таңғы жетіден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді,- дейді.

Орал қаласы жаңа аялдама павильондарымен толықты. Жылы аялдаманың бірі -көптен бері қалқаны жоқ Жигули аялдамасында салынды. Павильонды орнату үшін бір айдай уақыт керек болған.

Автобус күтіп тұрған тұрғындарды сөзге тарттық.

Жылы аялдама таңғы сағат жетіден түнгі онға дейін қызмет жасайды. Павильонның ішінде ұялы телефонды қуаттауға болады. Қазынаның қыруар қаржысына салынған жаңа нысанды кімнің, қалай күтіп ұстайтыны белгісіз. Алайда осы секілді жайлы да, жылы павильон Оралдың көптеген аялдамасында жоқ. Тұрғындар бұл күздің жауыны мен қаһарлы қыста талай қолайсыздық тудыратынын айтып налиды.

Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысының таратқан ақпарына сүйенсек, жылы аялдаманы салу үшін 10 млн теңгедей қаражат бөлінген. Яғни, 20 млн теңге қос жылы аялдаманы салу үшін бюджет есебінен қарастырылған. Және жылы аялдамадан бөлек, 20 ашық павильон орнату жұмыстары атқарылуда. Әрбір павильонды салу үшін 1,5 млн теңгедей қаражат жұмсалыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.