0:00 / 0:00
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, ең алдымен экономикалық сипатқа ие деді қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумында мәлімдеме жасаған еді. Ақорданың хабарлауынша, айтулы жиынға Қазақстан президентімен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысты. Ал Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде қатысуда.
Мәскеуде өткен айтулы жиында қазақ басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылудағы мақсат- осы ұйымға мүше елдердің экономикасын дамыту және халықтарының әл-ауқатын жақсарту екенін айтты. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие», деді Тоқаев.
Президент Тоқаев Қазақстан ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жақын серіктестерімен әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты деп хабарлайды Ақорда.Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Ресей мен Белоруссияға қаратып айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Тоқаев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында «екі ел-бір мемлекет» іспеттес одақтас мемлекеттер барын айтты.
Әлеуметтік желіде еуразиялық экономкиалық одаққа мүше елдері арасында мүмкіндік бәріне тең болуы керек. Бір ғана елдің пайдасына жағдай жасалмауы қажет деген пікірлер жазылуда.