0:00 / 0:00
4-5 жыл бойы жоғарғы оқу орнының табалдырығын тоздырып, тәлім алып, миллиондап ақысын төлеп диплом алғандардың әрекеті бекер болып қалып жатыр. Себебі, ғаламтор бетінде «диплом сатылады» деген хабарламамен дайын дилопмды сатып алып, маман иесі болып шыға келесі. Жалған құжат үшін жауапкершілік бар әрине. Бірақ заңды белшесінен басып жүргендер көп. Ең арзаны 300 мың теңгеден басталып, миллионға дейін жетеді. Тіпті дипломның көкі де, қызылы да бар. Жалған құжатты жарнамалап отырғандар осы нарықта бірнеше жыл жұмыс істеп жатқандарын жасырмай жазады.
ИСЛАМ СҰҢҚАР – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «2021 жылы Батыс Қазақстан облысында жалған дипломмен 10 жыл бойы фельдшер болып қызмет жасаған әйелдің оқиғасынан соң құзырлы органдар мұндай заңсыздыққа жол бермейді деп ойлағанбыз. Алайда, 2023 жылы жоғарғы оқу орындарының 457 жалған дипломы анықталды. Пауладар облысында 60 факт тіркелді. Екібастұзда медбике жалған дипломмен жұмысқа кірген. Маңғыстауда жалған дипломмен колледже мұғалім болғандар бар. Солтүстік Қазақстанда 80 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген».
Отандық БАҚ-ғы мәліметтерге сүйенсек,2022 жылы жалған құжат жасады деген айыппен Қазақстанда 70 адам сотталған. Ал 2198 қылмыстық құқық бұзылған. Сол жылы жалған құжат жасағандар саны Алматы мен Алматы облысында көп болған. Үшінші орында - Астана қаласы тұр.
ИСЛАМ СҰҢҚАР – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ғаламторда ашық түрде жоғарғы оқу орнының дипломы сатылып жатыр. Сатушылар Астанадағы кез-келген оқу орнының дипломын ұсынады. Мемлекеттік үлгідегі бланктегі диплом, оқу орнының таңбасымен сатылады. Тіпті оқу орындарының тізімі де бар. Оның ішінде Президент жанындағы мемлекеттік академия, Еуразия Ұлттық Университеті, ҚазАТУ, Ұлттық өнер университеті, технология және бизнес университеті бар».
Мәжілісмен жалған дипломдар қоғамда білім саласына сенімсіздік тудырады. Кәсіби мамандардың қызметке келуіне кедергі болады. Жалған дипломмен келген дәрігерге, мұғалімге қалай сенеміз дейді. Өз кезегінде депутаттар ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен тәуелсіздік алған жылдардан бастап барлық ресми дипломдарға тексеріс жүрігзуді сұрады. Ал жалған диплом сатып жатқан интернет-ресурстардың жұмысын шектеп, қоғамға жалған құжат үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ексертуді талап етті.