Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ПЕН ШЕНЕУНІКТІҢ ТАРТЫСЫ

c 13:50, 22/09/2023 c 43

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселлер жөніндегі комитеті Ауыл шаруашылығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы» есепті тыңдады. Алайда, депуттарды құзырлы орган өкілдерінің есебі қанағаттандырмады. Жиында уәкілетті органдар жүргізетін көрсету, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою, алдағы егіс фермерлерге залалды азайту және оларға мемлекеттік қолдау науқанына дайындық жөніндегі іс-шаралар талқыланған еді.

Ағымдағы жылғы егін жинау науқанын өткізу барысы туралы мәселе қаралды. Өздеріңіз білетіндей, биыл егін жинау науқанында ауа-райы қолайсыз болғандықтан Жамбыл және Павлодар облыстарында құрғақшылық орын алып, қатты ыстық пен судың аздығы солтүстіктегі ұзақ жаңбырға ұласты. Жиында күзгі-дала жұмыстарының барысы, сондай-ақ ағымдағы жылдың ауа-райынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шаралары талқыланды. Ауыл шаурашылық вице-министрі Әбілхайыр Тамабек шаруаларға көрсетілген қолдауларды тізіп шықты. Астық сақтайтын қоймалар дайын деп сендірді. Биылғы құрғақшылық салдарынан дәнді дақылдар егістерінің 45,1%-ы (7,8 млн.гектар) жақсы жағдайда, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн. гектар) және 7,5%-ы нашар жағдайда (1,3 млн. гектар).Бұл ретте, 181 мың гектар немесе астық егістерінің 1%-дан кемі жойылды. Бұл Павлодар облысында орын алды. Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша фермерлер өсірілген егінді жинап, кептіре алмайтындығына байланысты астықты жеткізу мерзімі ағымдағы жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұзартылды. Дегенмен шаруаларға әлі де қолдау қажет. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта әкімдіктердің деректері бойынша субсидиялауға қосымша 155,5 млрд. Теңге қаражат қажет. Жақын арада Үкімет резервінен қаражат бөлінбекші.Дегенмен, депутаттар үкіметтің бергенін диқандарға жасалып жатқан көмек емес, қарыз деп сынады. Мәжілісмен Қожаназаров тұқым мәселесіне қатысты сынап еді. Вице-министрі депутаттың өз қожалығы барын айтып тап берді.

Вице-министрдің бұл сөзі депутаттың шамына тиді

Сондай-ақ, ауыл шаруашылқы вице-министрі , мал өсірумен айналысатын фермерлерге биыл жемдік астық көп болады, дұрыс бағасы болады деп болжаймыз, сондықтан дүрбелеңге түсіп, малды сойып, құртудың қажеті жоқ деп кеңес берді. Өңірлерде азық дайындау жоспары орындалуда, азық жетіспейтін облыстарға басқа өңірлерден тасымалданатын болады деді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.