Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ҚЫСҚАРТУДЫ ҰСЫНДЫ

c 18:41, 17/01/2023 c 101

0:00 / 0:00

Бала туу зейнет жасының қысқаруына себеп болуы керек. Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов үкіметке осындай ұсыныс жасады. Жамалов Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы туралы дәлел енді келтірілмейтінін айтты, себебі кейінгі үш жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 77-ден 75,5 жылға дейін, яғни 1,5 жылға төмендеген.

Қазақстандық әйелдердің бала санына қарай зейнет жасын қысқарту керек дейді мәжілісмен Аманжан Жамалов. Депутаттың айтуынша, кеңес заманында әйелдер 5-6 бала өмірге алып келді, ауыр үй жұмысын істеді, өндірісте еңбек етті. Сондықтан ерте зейнетке шығу әйелдер мен аналардың еңбегі үшін әділ өтемақы болды. Ал қазіргі уақытта әйелдердің еркектермен тең жұмыс істейді. Еңбекте жүріп, бала туу міндетін қатар атқаруда. Аманжан Жамаловтың мәліметінше, орта есеппен қазақстандық әйел өмірінде үш бала туады. Бұл қазақстандықтарды жұмыстан кетуге, дағдылары мен құзыреттерін жоғалтуға, мансап пен кәсіби тәжірибесін құрбан етуге мәжбүр етеді. Осы кезеңде олар зейнетақы жарналарын аудармайды, тиісінше зейнетақыларынан айырылады.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Біріншіден өмір сүру жасы ұзарды, екіншіден зейнетақыны зейнет жасын ұзарта отырып өсіреміз деген сылтау. Алайда, статистика қарасақ, соңғы үш жылда әйелдер арасында өмір сұру ұзақтығы 77-ден 75,5 жасқа дейін, яғни 1,5 жылға азайған. Сондықтан еліміздегі әйелдер зейнет жасына ерте шыққаны дұрыс болар еді. Зейнетақыны зейнет жасын ұзарта отырып көтереміз деу, итті өзінің кесілген құйырығымен тамақтандырумен тең».

Әйелдердің ертерек зейнеткерлікке шығуын талап еткен депутат Үкіметке өз ұсыныс жолдады. Үкімет балалары бар әйелдер үшін зейнеткерлік жасты төмендетуді тұтастай қарастыруы керек. Әр баланың тууы үшін зейнеткерлік жасты 2 жылға, бірақ 10 жылдан аспайтын мерзімге төмендету қажет деп есептейді мәжілісмен.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ « Жалпы әйелдерге әр баланың тууы үшін зейнеткерлік жасты 2 жылға, бірақ 10 жылдан аспайтын мерзімге төмендету қажет. Осылайша үш баланы дүниеге әкелген әйел 6 жыл ерте зейнетке шығуға құқылы болады. Бүгінде әйелдер үшін зейнеткерлік жас бекітілгенін ескерсек, әйелдер 55 жасында зейнетке шығар еді. Егер әйелдердің жалпы зейнеткерлік жасы 63 жасқа дейін өссе, онда ол 57 жасында зейнетке шыға алады. Менің ойымша, бұл әділ шешім болады, біздің әйелдерді қолдайды және ең бастысы тууға себеп болады"

Еске сала кетейік, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілгенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.