Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ

c 10:15, 05/12/2022 c 1738

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау саласына шығыс көзін көбейткен сайын, адамдардың өмір сүру ұзақтығын қамтуға болады дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Министр бүгін сенатта өткен үкімет сағатында медицина саласында атқарып жатқан жұмыстары мен проблемаларды баяндады.

Еліміздің бас дәрігер Ажар Ғинияттың сенаторларға берген мәліметі көңіл қоншытпайды. Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады. 14 мыңнан астам адам қайтыс болады. Диспансерлік есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. Осылайша онкологиядан болатын өлім-жітім үшінші орынға шықты,-дейді министр. Ал жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан 40 мың адам көз жұмады. Биыл ана өлімі 3,5 есеге төмендеген екен. Халықтың денсаулығын нығайтып, өлім-жітімді азайту үшін қабылданып жатқан жобалар да жоқ емес. Әрине жылдан жылға денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет шығысы да артып отыр. Биыл салаға 2,5 трлн теңге бөлінген. Министр халық денсаулығын сақтауға бөлінетін шығыс көзі артқан жағдайда ғана халықтың өмір сүру ұзақтығын қамтуға болады дейді.

Ел медицинасындағы тағы бір проблема- дәрігер тапшы. Қазір елімізде 3 900 дәрігер жетіспейді деді министр. Былтыр үш мыңнан астам жас түлек жұмысқа орналастыруға жіберілді, оның 630-ы – ауылды елді-мекендерге кетті. Биыл 1 872 жас түлектің 441-і ауылдарға жіберілді. Келесі жылға 11 мыңнан астам маман дайындап жатыр. Бірақ мамандар бар көп жерде әлеуметтік қолдау көрсетілмейді. Үй, көтеріңкі жәрдемақы мәселесін шешу қажет дейді министр Ғиният. Сонда ғана дәрігерлер ауылға баруға ниет білдіреді. Өкінішке орай, ақ халатты абзал жандардың ішінде жалған дипломмен қызмет істеп жүргендер тіркелген. Министрлік жүргізген етксерулерден соң, олар жұмыстан қуылған. Алайда, министр нақты қанша дәрігер жалған құжатпен анықталғанын атай алмады.

Жақсы жаңалық та жоқ емес. Жаңа жылдан бастап дәрігерлерге жалақыны орташа есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.