Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Д. Назарбаева өңірге жұмыс сапарымен келді

c 18:31, 21/06/2021 c 546

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева БҚО-на іс сапармен келді. Депутат алдымен облыстық балалар ауруханасының жанынан ашылған "Қамқорлық" оңалту орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш орталық өткен жылдың желтоқсанында ашылып, өз жұмысын қаңтарда бастаған еді. Күні бүгінге дейін осында 200-ден астам бала тиісті ем-домын қабылдап үлгеріпті. Сала мамандары емделген балалардың 90% сал ауруына шалдыққан,- дейді.

Дариға Назарбаева облыстық балалар ауруханасының жанынан ашылған "Қамқорлық" оңалту орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш оңалту орталығы "Самұрық қазына", "Нұрсұлтан Назарбаевтың" қоғамдық қорларының мұрындық болуымен іске қосылған болатын. Бүгінгі күнге дейін 200-ден астам түрлі сырқатқа шалдыққан бала түрлі ем-дом қабылдап, саулықтарын жақсартқан.

Мәжіліс депутаты оңалту орталығындағы ем-дом қабылдап жатқан балалармен, олардың ата-аналарымен тілдесті.
Осы орталыққа баласын жетектеп келген ата-аналар оңалту бағдарламаларының арқасында балаларының денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтады.

Оңалту орталығының мамандары мен балалар елордадан ат артып келген мейманға арнап, өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндер өздері жазған өлеңдерді оқыса, білікті мамандар балалармен бірге би биледі.

Орталыққа алғаш келген Дариға Назарбаева Оралдағы мекеме жұмысын жақсы деп бағалап, ата-аналарға балаларының тезірек дертінен жазылып кетуін тіледі.

Ақ жайық өлкесіне іс-сапармен келген мәжіліс депутаты өткен жылдары Жәңгір хан атындағы университеттің жанынан ашылған ветеринарлық станцияның жұмысымен де танысып, қызметкерлермен тілдесті. Күні бүгінге дейін ветеринарлық станция 2000-ға жуық бұралқы итті аулап, оларға түрлі ота жасаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.