Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Cақтықта қорлық жоқ

c 11:48, 21/12/2018 c 576

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мейрамхана мен ойын-сауық орталықтарында мерекелік кештер көптеп ұйымдастырылып, әрбір бизнес субъектісі азаматтардың көңілін көтеру үшін барын салып, түрлі бағдарлама жасақтап жатады. Осы орайда, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қаламыздың аумағында қоғамдық тамақтану саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлердің басын қосты. Негізгі мақсат - мерекелік кештерде адам улануының алдын-алу мен оны болдырмау. Сала мамандары кәсіпкерлерге санитарлық нормаларды естен шығармауға және жеке бастың гигиенасын назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Егер бекітілген талаптар орындалмай, жаппай улану дерегі тіркелсе кәсіпкерлер үлкен айыппұл төлеп, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сала мамандары биылғы жылы қала аумағында тамақтан улану дерегі тіркелмеді,- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.