Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БҰЛ САЙЛАУ-АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСЫ»

c 09:12, 24/03/2023 c 86

0:00 / 0:00

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елде өткен сайлауға қатысты өз пікірін білдірді. Басты мерекелік шара Астанадағы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі маңындағы алаңда бастау алды. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараға қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауыммен қауышып, ақжарма тілегін айтты.

Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. -деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шара барысында. Әз Наурыз елордада жаппай тойланып жатыр. 100-ден аса мерекелік шара ұйымдастырылған. Соның бастысы Экспо қалашығындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі маңындағы алаңда болды. Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай келе, елде өткен саяси додаға тоқталды.

Мемлекет басшысы азаматтарымыздың көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі – бір деді.

Тоқаев Ұлыстың Ұлы күніне арналған концертті тамашалап, жиналған қауыммен қауышып, одан әрі «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты деп хабарлайды Ақорда. Бұл жерде наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау көзделген. Мемлекет басшысы бұдан соң тазы иттердің көрмесін тамашалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы итін аса құрметтейтіні баршаға мәлім. Президент тазыны халықаарлық деңгейде дәріптеу керектігін айтты. Ақорданың хабарлауынша, асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президент Тоқаевқа 1,5 айлық Наурыз есімді тазының күшігін тарту етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.