Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бос орындар жәрмеңкесі

c 17:19, 29/03/2019 c 629

0:00 / 0:00

Орал қаласында 471 жас екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Мұндай деректерді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары келтіріп отыр. Жұмысқа орналасуды көздеген азаматтар үшін, биыл алғаш рет жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 45 жұмыс беруші қатысқан. Сала мамандары өткен жылы екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар үшін 8 жәрмеңке өтті. Соның арқасында 270-тен астам тұрақты қызметке қабылданды, -дейді. Жұмысқа орналасқан мамандардың 40 пайызы жастар көрінеді.

Бос орындарын ұсынған 45 жұмыс берушінің 33- қалалық жерде қызметін ұсынса, 12-сі түрлі ауданның өкілдері еді. Жастарды жұмысқа қабылдағысы келетін компаниялардың қатарында түрлі жекеменшік компаниялар, кәсіпорын мен мемлекеттік мекемелер болды. Мәселен, қылмыстық атқару жүйесі департаменті жасы 35-ке дейін жоғары білім бар азаматтарды жұмысқа қабылдауға әзір.

Облыс орталығында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесіне келген жастардың қарасы қалың. Солардың бірі биыл ЖОО бітіретін- Дания Молданбаева. Бойжеткен жәрмеңкенің арқасында армандаған жұмысыма жолдама алдым,- дейді.

2019 жылы алғаш рет жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі 3 бағытта жүзеге асты. Шара барысында мамандар жастарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, ұтымды бағдарламаларды түсіндірген еді.

2019 жылды Елбасы "Жастар жылы" деп бекіткен еді. Биыл жастарды қолдау мен оларды толғандырған сауалдарды шешу үшін бірқатар жұмыс атқарылмақ. Мәселен, қазіргі таңда жастарға арналған тілдік курстар жұмыс жасауда, жазда 14-29 жас аралығындағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жазғы лагерь ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.