Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов тұрғындарды қабылдады

c 16:30, 15/03/2019 c 1141

БҚО ПД бастығы, Генерал - майор Махсудхан Аблазимов тұрғындарды қабылдады. Бүгін кезекті қабылдауда 7 адам болған.Олар өздерінің арыз -шағымдары мен өтініштерін айта келген.Генералдың жеке қабылдауына жазылатын тұрғындардың өтініштері мен арыздары әр түрлі.Бірі ашылмай жатқан қылмыстық істерді даулап келсе, екіншілері жол патрульдік полициясының, учаскелік полицияның жұмысына шағымданып келеді. Осындай қарбаластың ішінде Генералдың жек қабылдауына жазылып, тек алғыс айта келетін адамдар да табылады.Ақ сақалдар мен ақ жаулықты аналар жеке құрамның жұмысына алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдіретін сәттер де болып тұрады. Айта кетейік былтыр, 2018 жылы Генералдың қабылдауында 100 -ден астам адам болса, 2019 жыл басталғалы 20 -дан астам адам қабылдауда болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.