Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның әкімі өзінің жаңа орынбасарларын тағайындады

c 18:34, 25/09/2019 c 962

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің қабырғасында аймақ басшысы Ғали Есқалиев актив отырысында өзінің жаңа орынбасарларын тағайындады. Өңір басшысының бірінші орынбасары болып Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы тағайындалды. Мұхтар Манкеев 1984 жылы туған, білі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің "инженер", "экономика" мамандықтарын бітірген. Финляндия Республикасында Оулу университетін "бизнес әкімшілеу магистрі" мамандықтары бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын "жасыл ел" БҚОФ-ның жеекшісінен бастап, күні бүгінге дейін "Фин Бизнес Хабы" компаниясының директоры, "Қазақстан 2050" жалпы ұлттық кеңесінің төрағасы болды.
БҚО әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды. Серік Рахметоллаұлы ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етпек. Ол 1963 жылы туылған. БҚО Ауыл шаруашылығы институтын "агроном", Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Әр жылдары Қаржы министрлігі департамент бөлімінің басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарса, бүгінгі күнге дейін "Қазақстан" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.