Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жол бойына төгілген құстың сүйектері иістеніп жатыр

c 19:25, 16/02/2018 c 693

Рыбцех ауылының тұрғындары автокөлік жолы маңынан мүңкіген жағымсыз иістен қалай құтыларын білмек әлек. Бұл жер қарқылдаған қарғалардан көз ашпайтын көрінеді. Олар жемтігін жеп, қалдықтары иістене бастағанға ұқсайды дейді ауылдықтар. Бірақ кейін осы жерге жақын маңдағы құс фабрикасынан шығарылған қалдықтар төгілгені белгілі болды. Күн жылына бастаған соң фабрикадан шығарылған құстың аяқ сүйектері шіріп, қолқаны қабар иіс шыққан. "Жайық ет" ЖШС-нің директоры Асан Сұлтанғалиев болса, құстарды сойғанда кесіліп алып тасталған аяқ сүйектерінің қалдықтары ұн жасау үшін Щапов ауылына жөнелтілуі тиіс болғанын айтады.

Кәсіпорын басшысы бұл келеңсіздікті жоюға уәде етті. Оның айтуынша, сүйектердің шашылуына қарғалар себепші болған. Тұмсықтарымен тістеп, контейнерге тиелген аяқтарды айналаға жайратып салыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.