Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да электр сымдарының бойына қатқан мұздың салдарынан жыл сайын халық жарықсыз отырады

c 00:00, 20/02/2015 c 819

0:00 / 0:00

Мәселен, жаңа жылдық мереке күндерін аймақтағы бірнеше елді-мекен қараңғы жерде өткізген болатын. Ұдайы көтеріліп, жауыр болған мәселенің шешімі осы күнге дейін табылмай келді. Бірақ болашақта бұл қиындықты жеңуге болады. Ол үшін ғалымдардың көмегіне жүгіну керек. Халық алдында ҚР-ның энергетика министрі Владимир Школьник осындай ұсыныс білдірді. Желтоқсан айының соңында сым бойына қонған ақ мамық мұздақтарға айналып, төтенше жағдай тіркелді. Салдарынан электр жарығын таратушыларға зор шығын келіп, сымдарынан үзілген бағаналар қатқан мұзды көтермей құлады. 40-тан астам елді мекен жарықсыз қалды. Бұл жағдай ел ағаларын бей-жай қалдырмапты. Жүздеген кәсіпорынның жарықсыз күні ғаріп. Барлығы техниканың көмегімен атқарылатын заманда жұмыстың бәрі қаңтаралып тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін энергетиктер бұның шешімін табар жол жоқ деп қол қусырып келген болатын. Ал, аймаққа сапарлаған энергетика министрі жаһандану дәуірінде бұл қиындықты жеңуге болатынын мәлімдеді. Биыл электр желілерін жаңғыртып, жөндеу жұмысына 500 млн теңгедей қаржы бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.