Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше тас жол жабылды

c 17:54, 05/03/2018 c 928

0:00 / 0:00

"Атырау-Орал", Ресей Федерациясымен шекаралас "Шапай-Жалпақтал" бағытында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі кезде ТЖД тас жолдар қайта ашылып, қозғалыс жанданды деп хабарлап отыр. Алайда көктайғақ пен боранның беті қайтпай тұр. Сол себепті сала мамандары жүргізушілерге сақтықты ұмытпауды ескертеді.

Көктемнің алғашқы күндері қыс қыңыр мінезін танытып, әзірге кетпесін білдіргендей болды. Ауа температурасы -25,-27 градусқа дейін төмендеп, тас жолдар жабылды. Ұйытқи соққан боранның да екіпіні артты. Төтенше жағдай департаменті екі бағыттағы қозғалыс қайта жанданғанын хабарлап отыр.

"Жайық таза қала" ЖШС маусымдық өзгеріске дайын екендерін мәлімдеді. Айтуларынша, су сорғыш көліктері сақадай сай және қала ішілік су жолдары мен арықтарды тазалауға 300-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.

5-6 наурыз күндері Қазақстан бойынша "Көктем-2018" оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Барлық сала мен органдар төтенше жағдайдың алдын алу және қарсы тұруға қаншалықты дайын екендерін пысықтайтын болады.

5-6 наурызда БҚО бойынша күндізгі сынап бағанасы 0 +7 градусқа дейін көтеріліп, жауын-шашынның түсуі мен қардың еруінен қар ағыны пайда болуы ықтимал деп хабарлайды төтенншеліктер. Сол себепті дауылды ескерту жарияланып отыр. Кейін қайта аяз күшіне енеді деген болжам бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.