Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да алғашқы рет авто көлік жолдарын жаңа технологиямен жөндеу жұмысы басталды

c 00:00, 07/07/2015 c 541

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік жолдары басқармасы мәлімдеп отыр. Бұл технология салқындатылған ресайклинг деп аталады. Қазіргі кезде облыста Орал-Кирсанов тас жолының бойында осындай әдіспен жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұл жолдың 47 шақырымын жөндеуге 2 млрд. 289 млн теңге жұмсалуы тиіс. Бірақ жоспарды орындау 2 кезеңге бөлінгендіктен, биыл оның 284 млн теңгеге ғана алғашқы кезеңі атқарылатын болады. Енді бұрынғыдай күрделі жөндеу жасалған кезде қырылып алынып тасталған ескі асфальттар керексіз болып қалмайды. Себебі жаңа ресайклинг технологиясы осы материалды қайта пайдаға жаратып, бұл мақсатқа бөлінер қаражатты үнемдеуге үлкен көмек тигізгелі отыр. Ресайклинг технологиясының көмегімен 5 бағыттағы облыстық және аудандық маңызы бар қатқыл табанды жолды жөндеу көзделіп отыр. Облыста жол құрылысына қажетті материалдар сырттан сатып алынып келсе, жаңа әдіс осы қиындықты шешіп отыр. Жөндеуден соң Орал-Кирсанов жолының ені 7 метрді құрайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.