Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі Ғ. Есқалиев халық алдында есеп берді

c 18:30, 22/02/2021 c 394

0:00 / 0:00

Тікелей эфирде өткен жиында әкім Ақжайық өңірін тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап беріп, атқарылған жұмыстар легін баяндады.. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев медицина саласының айрықша түйіткілді мәселелеріне тоқталды. Бүгінде облыста 277 дәрігер тапшы. Биыл өңірге оқуын бітірген 106 түлек келген. Әкім медицина саласының пандемия сынды сынаққа дайын болмағанын атап өтті. Коронавирусты 700 медицина қызметкері жұқтырып, төрт дәрігер бақилық болды. Аймақ басшысы бақұл болған медицина қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты. Жалпы облыста өткен жылы коронавируспен күресу үшін модульді аурухананың құрылысы аяқталған болатын. Және 37 жедел-жәрдем көлігі сатып алынған.

Аймақ басшысы жылдағы дәстүр бойынша атқарған жұмыстарын қорытындылап, өңірдің түйіткілді мәселелерін шешуге байланысты есеп берді. Әкім Есқалиев тұрғын үйдің құрылысы, жол қауіпсіздігі мен медицина сынды тақырыптарға ерекше тоқталды. Биыл әлем медицинасы коронавируспен күресіп, бұрын-соңды болмаған жаңа эпидемиямен тайталасып жатыр. Пандемияның кесірінен мәжбүрлі түрде шектеу шараларын енгізуге тура келгендігін айтты. Және бұл сынаққа медицина саласының дайын болмағанын жасырмады. Өткен жылы тәж тажалымен күрескен 4 дәрігер дүние салып, 700 медицина қызметкері вирусты жұқтырып алғаны да белгілі.

Әкім Жайықтың жағдайына тоқталды. Бұқара трансшекаралық өзеннің экологиялық жағдайына алаңдап отыр. Аймақ басшысы өткен жылдың желтоқсанында екі елдің министрі кездесіп, мән-жағдайды талқылағанын айтып, мәселенің президенттің әкімшілігінің бақылауында екенін жеткізді. Және Ақжайықтың інжу-маржаны саналатын Шалқар көлінің жағдайы туралы баяндады. Жыл санап Шалқар суы тартылып жатыр.

Жалпы екі жарым сағатқа жалғасқан әкім есебінде 240-қа жуық сұрақ пен өтініш келіп түскен. Тұрғындарды әлеуметтік сала, жол салу мәселелері мен шектеу шараларына ұшырап, қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерден сұрақтар қарша борады. Мәселен, Бөкей Ордалық тұрғын жайылым жерлерінің аздығын тілге тиек етіп, киіктердің ауылға жақын маңды таптап болғанын айтып шағымданды.

2021 жылдың көктемінен бастап "Ақжайық" шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Және облыста 1800 жер учаскісі жер кезегінде тұрған азаматтарға беріле бастайды. 2021 жылдан бастап өңірдің ең шалғай орналасқан Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарын жалғайтын 129 шақырым тас жолы жөнделмек. Бұл үшін республикалық бюджеттен 20 млрд теңге қарастырылыпты. Бұған қоса 220 шақырым тас салынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.