Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнестегі кедергілер

c 16:41, 22/10/2019 c 624

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық кәсіпкерлер индрустрия министрлігінің қабылдаған шешімінен соң, қиын жағдайға тап болдық деп отыр. Егер шектеу алынып тасталмаса, бір-екі айда тағырға отыруымыз мүмкін дегенді айтады. Аталмыш шектеу биылғы жылдың наурызында қатты тұрмыстық қалдықтарды шетелге жөнелтуге тыйым салуға байланысты енгізіліпті.

Батысқазақстандық кәсіпкерлер бір министрліктің қабылданған шешімінен зардап шегіп, кәсіпті дөңгелентудің орынына, тақырға отыруымыз мүмкін деп дабыл қағуда. Қазіргі таңда Орал қаласында қатты тұрмыстық қалдық, оның ішінде картон жинаумен айналысатын 3 кәсіпкер бар. Олар наурыздан бері жиналған қоқыстарын өткізе алмай дал. Себебі, үкімет қатты тұрмыстық қалдықтарды шетелге сатуға шектеу қойған. Барлық картон Алматыда ашылған зауытқа тапсыруылуы тиіс.

Елдегі қоқысты сұрыптау ісін дамытуға арналған аталмыш бұйрық шекара маңында қызмет жасайтын кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтіріп отыр. Жиында сөз алған табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тиісті министрлікке хат жазып, бизнес субьектілерінің қиын жағдайын баяндап бердік,- дейді.

Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлер бизнес субьектілерінің құқығын қорғау үшін атқарылуы керек жұмыстарды пысықтап, 2019-2020 жылдарға арналған кеңестің жұмысын анықтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.