Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА ЖОЛ АПАТЫНАН 5 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

c 17:35, 26/01/2021 c 298

2021 жылы БҚО-ДА жол апатынан адам қаза тауып, жарақат алған 11 жол көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың кесірінен 5 адам көз жұмып, жиырма шақты азамат түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлайды. Тәртіп сақшылары жыл санап облыс аумағында жол көлік оқиғаларының саны азаюда,- дейді. Мәселен, 2020 жылы өңірімізде 338 жол көлік оқиғасы тіркеліпті. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 14 пайызға кем. Былтыр жол апатынан 82 адам ажал құшқан. Полиция қызметкерлері тас жолда жол көлік оқиғаларының тіркелуіне жүргізушілердің арақашықтықты сақтамай, жылдамдықты асыру себеп,- дейді.

Сурет https://24.kz/ сайтынан жүктелді

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.