Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бірінші сұрыпты нан бағасы тұрақты

c 14:26, 05/08/2020 c 662

0:00 / 0:00

«Желаев нан» және «Хлеб завод №1» дүңгіршектерінен бірінші сұрыпты нанды 80 теңгеден сатуды жыл соңына дейін жалғастыратын болады. Бұл үшін облыстық тұрақтандыру қоры нан өндіруші кәсіпорындармен келісім шартқа отырып, оларға бірінші сұрыпты ұнды жеңілдетілген бағамен беруде.Өңірдегі «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Надир Құрымбаевтың айтуынша, аталған қордан нарық бағадан гөрі жеңілдетілген құнмен 160 тонна бірінші сұрыпты астық бөлінген. Бүгінгі таңда ол ұның тең жартысы «Желаев нан», қалған бөлігі «Хлеб завод №1» нан өндіруші кәсіпорындарына жеткізілуде.
-Біздің ұсынысымызды қолдап, халыққа ыңғайлы жағдай жасауға келісімдерін берген «Талецкий» және «Исаев» жеке кәсіпорын басшыларына қала тұрғындары атынан алғыс айтамыз. Қазіргі таңда егін шаруашылығы немесе олардан түскен өнімді дайын тауарға айналдырумен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Елдегі түрлі бағдарламалар арқылы пайызы төмен несиелер беріліп, демеуқаржылар бөлініп, жанар-жағар майлар арзандатылған бағамен берілуде. Тауар өндірушілер де мемлекеттің қамқорлығын шынайы түсініп, келісімге келгендері қуантады. Ендігі жерде жоғарда аталған нан өндірушілер осы жылдың соңына дейін өз дүңгіршіктерінде бірінші сұрыпты нан бағасын 80 теңгеден асырмайтын болады,-дейді Надир Шамұратұлы.
Басқарма төрағасы атап өткендей арзан бағадағы нан тек аталған кәсіпорындардың шаһардағы 50-ге жуық дүкендері мен дүңгіршектерінде ғана саудаланады. Ал нан өндіруші кәсіпорыннан көтерме бағамен алып, өз сауда орындарында сататындар белгілі мөлшерде үстеме бағасын қоя алады. Бағаны шектен тыс көтеру жергілікті атқарушы органның қадағалауында болмақ.
-Бүгінде жұмысымыз бір қалыпты жүруде. Нан адамның басты тағамы болғандықтан оған деген қажеттілік төмендемесі анық. Тек халықтың тәттілерге деген сұранысы сәл бәсеңдеді. Ол да елдегі жағдайға байланысты шығар. Халық қаражаттарын барынша үнемдеуге тырысатыны анық. Жалпы өндірілетін өнімнің 20 %-ына жуығын осы бірінші сұрыпты нан құрайды. Бүгінде облыстық тұрақтандыру қорынан бөлінген ұн бізге күнделікті жеткізілуде. Бізге бөлінген 80 тонна астық жыл аяғына дейін жетуге тиіс. Аса тап пайдаға қалып жатырмыз деп те айта алмаймыз. Бірақ осындай қиын-қыстау кезеңде жергілікті халыққа ыңғайлы жағдай туғызуды өз міндетіміз деп санаймыз, -дейді «Желаев нан» ЖК басшысы Олег Талецкий.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.