Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бір тәулікте 19 қылмыс анықталған

c 16:08, 28/04/2021 c 531

0:00 / 0:00

БҚО аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы басталды. Шараның алғашқы тәулігінде БҚО ПД қызметкерлерімен 19 қылмыс анықталса, оның 13-ін кезекші тәулікте ашты. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе ұстағаны үшін 28 адам ұсталса, оның 26 - сында тұрғындар өздерімен бірге суық қару алып жүріпті.Бұл күні тәртіп сақшылары қаланың барлық аудандарына кезекшіліке шығып, қоғамда орын алар құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша шараларды орындады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау және өзге де заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында арнайы ұйымдастырылған рейд барысында облыс бойынша 800-ге жуық әкімшілік заң бұзушылық анықталған. Олардың дені жол ережесін бұзу фактілері. Мәселен, өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай бұл жол талғамайтын көлік жылдамдықты асырып, желдей жүйткігенімен қоса, терезесін тұмшалап алыпты. Тәртіп сақшылары көлік терезесіндегі қара пленканы алып тастап жүргізушіні әкімшілік жазаға тарту туралы хаттама толтырды. Сондай-ақ ішімдік ішкен күйде көлік басқарып жүрген 18 жүргізуші тәртіп сақшыларының қолына түсті. Жол ережесін өрескел бұзғандар да жоқ емес. Мәселен, ресейлік нөмірлі темір тұлпарларды тізгіндегендердің осы орайда айтар пікірі бар. Жоғарыда аталған құқықбұзушылықтар бір тәулікте тіркелген деректер. Ал бұл шара тағы екі күн жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.