Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады

c 16:53, 23/11/2021 c 862

0:00 / 0:00

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары бір орында 7 жылдай жұмыс істесе ротацияланады. Бұл туралы еліміздің бас педагогі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министр бұл жаңалығын фейзбук парақшасында жазды. Бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін және мектеп, колледж, мектепке дейінгі немесе қосымша білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосқан басшылар да бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар. Егер басшы ұзақ жылдар бойы бір білім беру ұйымын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуіне, жұмыс барысында жаңа тәсілдердің болмауына әкелуі мүмкін,- дейді. 4 жыл немесе 7 жыл бір орында қызметін ауыстармаған директорлар өзге мекемені басқаруға көшіріледі. Қызметтік ауыс-түйіс бір елдімекенде, бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізілмек.

Сурет https://hrhelpline.ru/ сайтынан көшірілді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.