Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бекіре зауыты

c 18:00, 02/11/2020 c 664

0:00 / 0:00

Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданында орналасқан бекіре зауыты өз жұмысын алты жыл бұрын бастаған. Қазіргі таңда аталмыш зауыт бекіре тұқымдас балықты өсіріп, оны саудалаумен айналысады. Сала мамандары жыл сайын 30 тонна балық өсіріп, шетелге экспорттайтынын айтады.

Зауытта бекіре тұқымдас балықтың бес түрін өсіреді. Балықтардың барлығы бассейінде өсіріледі. Бассейіндерге жер асты суы пайдаланылады. Тіршілік көзінің температурасы 15-16 градусты құрайды. Сала мамандары бекіре тұқымдас балықтарын шабақ кезінен баптап өсірумен айналысады.

Қазіргі таңда зауытта 17 адам жұмыс жасайды. Сала мамандары жыл сайын отыз тонна бекіре тұқымдас балықты нарықта саудалап отыр. Қызыл балықты Ресейге экспорттауда. Зауыт өкілдері балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың ерекше екенін айтады. Екі жылда аталмыш зауыт 5 млнға жуық субсидия алған.

Маңғыстаулық бекіре зауытының өкілдері келешекте қызыл балықтың уылдырығын алып, оны консервілеуді жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.