Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАТЫСТАҒЫ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ МИЛЛИАРДТАР ҚАЖЕТ

c 10:25, 13/03/2023 c 106

0:00 / 0:00

Сенатор Амангелді Нұғаманов еліміздің батыс аймақтарындағы жолдардың сапасын сынға алды. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары жол сапасы бойынша рейтингтің соңында тұр дейді ол. Депутат Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында аталған өңірлердегі жолдарды республикалық бюджеттен қаржыландыруды, сондай-ақ құрылыс материалдарын жеткізу үшін Қазақстан теміржолы компаниясының жүк вагондарын уақтылы беруді қамтамасыз етуді сұрады.

Автожолдардың сапасына қатысты сын көп, бірақ түзеліп жатқан мін жоқ. Қазынадан қыруар қаржы бөлінегнімен, ол ақша жол салуға жеткенше жолда жоғалып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатады. Президент үкіметтің алдына 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жөндеп, салып, жақсартып қоюды тапсырғаны мәлім. Өкінішке орай, орталықтан алшақ жатқан батыс аймақтарында бұл мәселе дұрыс шешілмей отыр. Сенаторлар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары жол сапасы бойынша рейтингтің соңында тұр деп даурықты. Батыс өңірлерінің тұрғындары жолсыздықтан зардап шегіп келеді. Депутат Нұғмановтың айтуынша, жөндеуді қажет ететін батыс облыстарындағы жолдардың үлесі тым жоғары.

Сондықтан бұл аймақтарға қосымша қаржы қажет.

Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылы жергілікті жолдардың нормативтік жай-күйін 95%-ға жеткізу үшін 1,5 мың км жөндеу жүргізу қажет, оған жыл сайын 25,6 млрд теңге қажет. Осы орайда, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту үшін республикалық бюджеттен 13,5 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер мен қосымша қаржыландыру керек дейді сенатор.
Нұғманов үкімет басшысына жолдаған сауалында қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдарды республикалық бюджеттен қаржыландыруды, сондай-ақ құрылыс материалдарын жеткізу үшін Қазақстан теміржолы компаниясының жүк вагондарын уақтылы беруді қамтамасыз етуді сұрады. Бұл аймақтардағы жолдарды жақсарту жұмысын тездетер еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.