Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батырлардың ерлігі-ел есінде!

c 17:22, 06/05/2022 c 1868

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толады! Күні бүгінге дейін сұрапыл соғысты көріп, болашақ ұрпақтың амандығы үшін күрескен облыста 21 ардагердің көзі тірі. Оның 17-сі Орал қаласында тұрады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің көбі 90 алқымдап, ғасыр жасаған жандар. Отан үшін қан майданға аттанып, кейін елдің дамуы үшін жұмыстанған батырдың бірі- Скаленко Вениамин Пантелеевич. 98 жастағы ақсақал майданға 17 жасында Бөрлі ауданынан аттанады.

Ұлы Отан соғысының ардагері Скаленко Вениамин Пантелеевичь соғысқа 17 жасында аттанады. Қан майданға бозбала Бөрлі ауданынан шақырылады. Ол 1943 жылдың маусымына дейін Орал қаласында орналасқан Ленинградтық байланыс әскери училищесінде білім алады. Курсантарды Мәскеу түбіндегі Дмитр қаласына әуе қорғаныс күштерінің қатарына қосады. Ардагер соғыс жылдары мен майданнан кейін әуе қорғаныс күштерінде қызмет еткенін айтады. Вениамин Пантелеевичь училищеде морзе азбукасын жақсы меңгереді.

Соғыс жылдарында ардагер қан майданда мыңмен арпалысып, жеңісті Берлинде қарсылапты. Майдан аяқталғасын ол 1947 жылға дейін Қиыр Шығыстың шекарасында әскери қызметін жалғастырады. Жеңіспен оралған ардагер ауылына оралып, егін егіп, агроном болып, 20 жылдай еңбектенеді. Кейін түрлі жауапты қызметті атқарып, облыстық статистика басқармасынан 1992 жылы зейнетке шығады. Тоқсанның сегізіне келген қария әлі күнге дейін тың. 73 жыл бұрын отау құрған зайыбымен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олар ойлап-күліп, немере мен шөберінің амандығын тілеп отыр. Ғасыр жасаған атай жас күнінде оқыған морзе әліпбиін ұмытпапты.

Сұрапыл соғысты бастан кешіп, қан майданда келешек үшін арпалысқан қария жастарға бейбіт өмірді бағалауды тапсырды.

98 жастағы ардагер ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті. Қария ішімдік ішпей, шылым шекпей, жұмыс істеп, адамдарға жақсылық жасап, үнемі көмектесу керек деген кеңесін айтады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда облыста қан майданда жаумен арпалысқан 21 ардагер қалды. Оның 17-сі Орал қаласында өмір сүреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.