Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАНА КЕЗЕГІ РЕТТЕЛЕДІ

c 23:41, 22/11/2023 c 71

0:00 / 0:00

Мемлекеттен берілетін баспана кезегінде 640 мыңнан астам адам тұр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баспанаға кезекке тұрғандардың тізімін реттеуді қолға алып жатырмыз дейді. Министрлік қазір басапа кезегінде тұрғандардың 200 мыңнан астамын шығарып тастамақшы. Олар –тұрғылықты тіркелмегендер, қайтыс болғандар және пәтері барлар. Айтпақшы баспанаға кезекке 5 жыл бойы меншігінде баспанасы болмағандар ғана тұратын еді ғой. Министр енді оның мерзімін 10 жылға созбақ.

Соңғы төрт жылдың ішінде жұмыс істейтін жастар санатына кіретін шамамен 9 мың адам жалдамалы пәтер алған. Алайда бұл уақытша баспана. 5 жыл ішінде жастар өз үйіне қаражат жинап үлгермей жатыр. Тапқан табысы тамақтан арылмайды.

Депутаттар жұмыс істейтін жастарға арналған бөлек ипотекалық бағдарлама әзірлеуді ұсынды.Сондай-ақ, осы құжатқа сай, енді баспана кезегіне жұбайы қайтыс болған адам, мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы тұра алады.

Тағы бір жаңалық- баспанаға кезекке тұру тәсілдері өзгереді. Министр Шарлапаевтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың базасына есепке қою тоқтатылып, ол тізім Отбасы банкіне өзгеріссіз беріледі. Жыл сайын бізде 40-50 мың адам баспана кезегіне тұрады. Жыл сайын әлеуметтік осал топтарға 9 мың баспана беріледі. 640 мыңның пайыздық көрсеткіші бойынша бұл 1,5 пайызды құрайды. Ал әлеуметтік баспанамен қамтуды жеделдету үшін қосымша қаржы қажет дейді депутаттар. Бұл орайда мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев жемқорлардың қаржысына баспана салуды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.