Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балаларға көңілді демалыс ұйымдастырылды

c 17:30, 11/02/2021 c 379

0:00 / 0:00

Орал қаласында сауапқа толы іске еріктілермен бірге полиция қызметкерлері де өз үлестерін қосып келеді. Тәртіп сақшылары бүгін балаларға қуаныш сыйлады. Тасқала ауданына қарасты 6 ауылдан келген оқушылар бір күн бойы қысқы ойынның қызығына батып, "Светлячок" демалыс орталығында демалды.
Барлығы 85 оқушы демалыс орнында тынықты. Бүгін бүлдіршіндерге барлығы тегін. Шара барасында ойындар ойнатылып, сайыстар өткізілді. Жеңімпаздарға тәттілер таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тынығу орнында балаларға шаңғы тебу, шанамен сырғанау секілді қысқы сауықтың бірнеше түрі ұсынылады.
Жалпы БҚО-да 12 мыңнан астам ерікті болса барлығы ілкімді істерге мұрындық болуда. Араларында әр түрлі салада қызмет етіп жүрген жандар бар. Бүгінгі шара соның бір көрінісі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.