0:00 / 0:00
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын жасырғандар 6 жылға сотталады. Бұл жайында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин мәлімдеді. Енді жасөспірімдерге қатысты қылмыстың зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты түрлері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады.
Қазақстанда бала құқығын қорғау мақсатында, жасөспірімдерге қатысты қылмыстың зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты түрлері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады. Ішкі істер министрлігі енді тараптардың татуласу мүмкіндігі болмайды деп отыр. Сонымен қатар педофилдер рақымшылыққа ілінбейді, олар мерзімінен бұрын босатылмайды. Ал балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыс орын алғанын біле тұра жасырғандарды 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.
ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН –ҚР ІІМ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарды жасырған адамдар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Педагогтар кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы құқыққа қарсы әрекеттер жасау фактілері туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті»
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бұл жаһандық сипаттағы проблема. ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сүйенсек, әлемде 1 миллиард кәмелетке толмаған, яғни 2 жастан 17 жасқа дейінгі барлық баланың жартысынан көбі бір жыл ішінде эмоциялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Әлем бойынша 150 млн бала күн сайын мектептерде буллинг, кибербуллинг, қарумен зорлық және зорлықтың өзге түрлеріне ұшырайды.