Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалардың тағамы басты назарда!

c 18:37, 10/07/2018 c 1057

0:00 / 0:00

Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін қала бойынша төрт бірдей жазғы лагерь жұмыстанып жатыр. Қазіргі таңда, 1800-ден астам бала аталмыш лагерьлерде демалуға орналастырылған. Жазғы каникул біткенше 3000 бүлдіршін демалмақ.

Мектеп қабырғасындағы балалар көптен күткен жазғы демалысын өткізіп жатыр. Ата-аналар үшін бауыр еті баласының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру өзекті мәселе екендігі сөзсіз. Қала аумағында оқушыларды жазғы уақытта құшақ жая қарсылап, сауықтыру ісімен айналысатын төрт бірдей лагерь жұмыстанып жатыр. Осы ретте, балалардың лагерьде тұтынатын тағамына қойылатын талап та назардан тыс қалған емес. Сала мамандары үнемі тағамдардың сынамасын алып, құрамын зертханада тексеріп жатады. Қазіргі таңда, шаһарымыз бойынша, жазғы лагерьде тағамнан улану фактілері орын алмаған.

Жазғы лагерьде баланың денсаулығына зиян келтіретін тағамдар, фаст фуд өнімдері мен майонез қосылған салаттарға тыйым салынады. Лагерьде әзірленген тағамның баршасы санитарлық нормаларға сай болуы қажет. Мәселен, "Еуразия" жазғы лагерінде 300-ге жуық бүлдіршін демалуда. Аталмыш лагерьдің бас аспазы балаларға арналған тағамдардың тізімін арнайы медбике даярлайды, кейін, олардың сынамасы алынып, балаларға беріледі,- дейді.

Сала мамандары жазғы демалыс уақытында балалардың тағамын жіті тексеріп, зертханалық тексерістерін үнемі жүргізіп отырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.