Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалардың ойыншығы басты назарда!

c 14:09, 01/10/2018 c 1344

0:00 / 0:00

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары өткен жылы балалар ойыншығын тексеру үшін 73 ойыншықты сатып алыпты. Тексеріс нәтижесінде 38 ойыншықтың тиісті талаптарға сәйкес келмегендігі анықталған. Биылғы жылы 85 ойыншық сатып алыпты. Бұл ойыншықтардың 67-сі заң ережелеріне сәйкес келмеген. Дүкен сөрелерінде саудаланып жатқан ойыншықтар санитарлық талаптарға сәйкес келе ме?

Қазіргі таңда дүкен сөресінен қалаған ойыншықтың түр-түрін, қалтаңызға байланысты сатып аласыздар. Осы ойыншықтардың сапасы мен оның қай елден келгендігі біраз ата-ананы толғандыратыны сөзсіз. Оралдықтардан бауыр еті баласына ойыншықтарды қалай таңдайсыз деген сауал қойған едік. Баласын жетектеген жас аналардың пікірі мынадай.

Балалар ойыншығы күн тәртібінен түспейтін сауал екендігі даусыз. Сол себепті де баланың ойыншығы үнемі тексеріліп отырады. Сала мамандары келтірген дерекке көз жүгіртсек, өткен жылы 70-тен астам ойыншық арнайы зерттелуі үшін сатып алынған. Соның 38 тиісті талаптарға сәйкес келмегендігі анықталыпты. Биыл да сатып алынған ойыншықтардың 67-сі санитарлық нормаға сәйкес келмеген.

Сала мамандары ата-аналар ойыншықты сатып алар тұста, оның қорабы мен маркировкасына назар аударуды сұрайды. Яғни, қорапта өнім туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, мамандар ойыншықты арнайы сертификаты бар дүкендерден сатып алуға кеңес береді. Ал, ойыншықтардың тиісті құжаттары болмаған, сапасы нашар өнімді саудалайтын кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.